ШҚО-да өткен жылы қанша адам жоғалды?

378
көрілім
Шартты фотосурет

Өткен жылы облыс көлемінде жоғалу фактісі бойынша 306 адамға іздеу салынған. Соның 272-сі табылып, 34 адамның мекенжайы әлі анықталмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, адамдардың жоғалуының басты себептерінің бірі – ащы суға әуестік, жақындарымен жанжалдасу, ұялы байланыс ұстамайтын шалғай жердегі шаруа қожалықтарына жұмысқа жалдану. Департамент мамандары қазір бұрынғыдай жоғалған уақыттан кейін үш күн күтпейтіндіктерін мәлімдеді.

– Адамдардың хабар-ошарсыз кетулеріне байланысты іздестіру шаралары жедел түрде басталады, – деді Полиция департаментіндегілер.

Ал қалалық Полиция басқармасының өкілдері былтыр 146 адам жоғалып, соның 141-і табылғандығын жеткізді.

Асыл АЙТБАЕВ