ШҚО-да өзіне қол жұмсағандардың 13-і ішімдік ішкен

270
көрілім

ШҚО Прокурорының орынбасары Азамат Тлешевтің сөзінше, жуырда жастардың неліктен суицидке баруларының себебін анықтау бойынша сараптама жүргізілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, өзіне қол салудың 47 жағдайында 13 жасөспірім алкоголь өнімдерін тұтынған. 60 жағдай бойынша отбасындағы түрлі мәселелер мен күрделі жағдай себеп болса, кейбірінің Балалар үйінің тәрбиеленушілері екені анықталды.
- Осы жайттардың барлығында тек үш бала ғана медициналық есепте тұрған. Ал 11-і тәуекелге баруға бейім болды, - деді Азамат Неғматоллаұлы.