ШҚО-да психотроптық заттарды сатумен айналысқан наркологиялық емхана қызметкері ұсталды

323
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірде психотроптық заттарды сатумен айналысқан наркологиялық емхана қызметкеріне қатысты қылмыстық із қозғалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нашақорлар мен ішімдікке берілген адамдарды оңалтумен айналысатын жекеменшік емхана қызметкерін қолға түсірді. 26 жастағы ер адам психотроптық заттарды заңсыз сатып, пайда тапқан.

– Күдіктінің көлігін тінту барысында тергеушілер бірқатар препараттарды тапты. Сондай-ақ оның жұмыс орнынан психотроптық заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, - дейді департамент бастығы, полиция полковнигі Сағат Мадиев.