ШҚО-да санитарлық нормаларды сақтамағандарға айыппұл салынды

318
көрілім
Фотосурет avtoradio.kz сайтынан

Елімізде және әлемде қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Халықтың белгіленген санитарлық нормаларды сақтауын бақылау үшін облыста 19 қала мен аудан бойынша 46 мониторингтік топ құрылды. Олардың құрамына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары, жергілікті құқық қорғау және атқарушы органдардың, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП қызметкерлері кірді.

Қазан айының 1-нен бастап мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіліп, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ШҚО полиция департаменті және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен келісілген қазан айына жұмыс кестесі әзірленді.

1-18 қазан аралығында облыс бойынша 5123 нысан қамтылған 412 рейд жүргізілді. Оның ішінде 78 рейд қоғамдық көліктер және көлікті дезинфекциялау пункттері бойынша ұйымдасырылды.

Анықталған санитарлық ереже талаптары бойынша 90 айыппұл салынды. Мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда.