ШҚО-да тағы бір замауни тауарлы-сүт фермасы пайда болады

341
көрілім

Аталған заманауи ферма Алтай ауданында салынбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алтай ауданында 200 бас асыл тұқымды сиырға арналған қазіргі заманғы тауарлы-сүт фермасын құру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Бүгінде «Шығыс» шаруа қожалығында сауу залын, сиыр қорасын, бұзау қорасын және басқа да үй-жайларды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген. Барлық қажетті жұмыстар жеке және несие қаражаты есебінен жасалды. Жобаның құны – 40 миллион теңге.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында қолдан ұрықтандыру пункті салынды. Сондай-ақ, "ДеЛаваль" ЖШС-да Delpro табынын басқару бағдарламасы бар сиырларды сауу үшін жабдық сатып алу жоспарлануда.