ШҚО-да тағы жол апаты орын алды

440
көрілім

Өскемен-Белоусовка тасжолында КамАЗ бен Аudi соқтығысқан. Апат салдарынан бес адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 28 жасар Audi автокөлігінің жүргізушісі 64 жасар ер адамның басқаруындағы КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.