ШҚО-да төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкерлер қамауға алынды

395
көрілім
Шартты фотосурет

Шығыс Қазақстан облысында 10 кәсіпкер төтенше жағдай режимін бұзған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Өскемен қаласындағы караоке клубының иесі төтенше жағдай кезіндегі шектеуге қарамастан 22.00-ден кейін жұмысын жалғастыра берген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабын бұзған кәсіпкер 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Глубокое ауданындағы интернет клубы да заңмен бекітілген уақытта жабылмаған. 23 жастағы кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 күнге қамалды.

– Бүгінде жалпы облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 10 кәсіпкер анықталған. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта да тексеру жұмыстарын жалғастырады. Осы ретте, қандай да бір заңбұзушылықты байқаған тұрғындардан полицияға хабар берулерін сұраймыз, – делінген ведомство мәліметінде.