ШҚО-да тұман күтіледі

472
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің оңтүстігі мен батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігінде жел 15-20 м/с, солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 23-28 м/с күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында, шығысында жекелеген аудандарда тұман түсуі мүмкін.

Түнде солтүстік-батыста, батыста, күндіз Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, батыста, солтүстікте, орталығында жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Синоптиктер болжамынша, ШҚО-ның батысы мен солтүстік-шығысында түнде 2 градус үсік жүреді.