ШҚО-да ұры зейнеткердің 2 млн теңгесін жымқырған

332
көрілім
Шартты фотосурет

Қаңтар айының 3-і күні Өскемен қалалық Полиция басқармасының «102» жедел арнасына 80 жастағы қала тұрғыны хабарласып, әлдекімнің сандықтағы ақшасы мен ұялы телефонын ұрлап кеткендігіне шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құқық қорғау органдары өкілдерінің сөзінше, шамамен сағат 22.00 кезінде кейуананың үйінде пәтер жалдап тұрып жатқан ер адам жатын бөлмедегі сандықта сақтаулы тұрған 2 млн теңгеге жуық ақшасын алып, қолындағы ұялы телефонын жымқырып әкеткен.

 - Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде қылмыстық полиция қызметкерлері осыған дейін істі болған 46 жастағы тұрғынды анықтады. Осыған дейін жұмыссыз жүрген ер адам кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Айғақ заттар ретінде ақша мен ұялы телефон тәркіленіп, кейін иесіне қайтарылып берілді.
46-жастағы тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.