ШҚО-да зайырлылық қағидаттарын ілгерілетуге мән берілуде

353
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ануар Хатиев ШҚО Дін істері басқармасы мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ЖШС басшылығымен және қызметкерлерімен 2020 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері мен 2021 жылға арналған жоспарлары бойынша онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сондай-ақ төраға орынбасары ШҚО Дін істері басқармасының дін саласындағы қызметтің үш негізгі бағытын: ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, интернет-кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстары бойынша қол жеткізген бірқатар оң нәтижелерін атап өтті.

Сонымен қатар Ануар Хатиев осы жылы оңалту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бағыты бойынша азаматтарды қамту 70% - ға тең болуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесуде спикер ретінде діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы Б.Манетов сөз сөйлеп, жергілікті жерлерде дін саласындағы әкімшілік практиканы жетілдірудің негізгі тәсілдерін түсіндірді.

Төраға орынбасары халық арасында зайырлылық қағидаттарын ілгерілетуге және дін саласындағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Бұдан бөлек, Комитет қызметкерлері діни ахуалға мониторинг жүргізуге, ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарына байланысты бірқатар өзекті мәселелерге жауап берді, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру бойынша пікір және ұсыныстар алмасты.