ШҚО-да жауын күтіледі

367
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін құбылмалы ауа райының әсерінен елдің басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Республика бойынша әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде күн күркіреп, оңтүстікте және солтүстік-батыста қатты желдің тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерінде дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.

Қостанай облысының кей өңірлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.

ШҚО және Алматы облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жаууы күтілсе, СҚО-да дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.