ШҚО-да жел екпіні күшейеді

350
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болжанады. Найзағаймен жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл, батысында қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстік-батысында – шаңды дауыл соғады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман түсіп, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с соғады деп болжануда.
 Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде – тұман, күндіз облыстың батысында – жел 15-20 м/с күтіледі.