ШҚО-да жел екпіні соғады

437
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика аумағының басым бөлігіне Атлант циклоны әсер етіп, соған байланысты қар, оңтүстік пен оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, боран соғады.

Ақмола, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде боран соғып, тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

ШҚО-ның кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, түнде екпіні 25 м/с жетеді.