ШҚО-да жүк көлігі арыққа құлады

349
көрілім

Жүк көлігі желді күні мұзға тайғанап құлаған. Полиция көп тонналық көлікті шығаруға көмектесті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Оқиға Өскемен-Алматы тасжолының 745 шақырымында орын алған. Жүргізушінің айтуынша, ол облыс орталығына бет алған. 45 бас мал тиелген ауыр жүк көлігі жел мен тайғақ мұздың салдарынан жолдан шығып кеткен.

- Көлікте электр жабдықтары істен шыққан. Жөндеуден кейін жүргізуші рейсті жалғастырды, - деп түсіндірді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінде.