ШҚО-дағы орман шаруашылығы мен қорық аумағындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр

690
көрілім
Сурет ШҚО ТЖД

 Ұсынылған  мәліметке  сүйенсек, өңір аумағында 100 және 50 гектар аумақты қамтыған екі өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Төтенше жағдай департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, алғашқысы Көкпекті ауданына қарасты Құлынжон мемлекеттік табиғи қорығы маңында тіркелген.

– Жалын шарпыған аумақ 100 гектарды құраған. Өрттің шығу себебі – қатты жел салдарынан қорық аумағына лезде тарады, –  делінген мәліметте. – Тілсіз жауды ауыздықтауға жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды.

Екінші өрт Асубұлақ орман шаруашылығы аумағынан шыққан. Барлығы 149 адам мен 28 техника, екі тікұшақ 50 гектар аумақты қамтыған отты сөндірді.