ШҚТУ – технология ордасы

1148
көрілім

Сан саланы қамтыған, ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдаланатын, оны қоғамда ұтымды жүзеге асыратын ШҚТУ-ды – технология ордасы десек қателеспейміз. Бұған ғалымдардың егіс алқаптарындағы өнімділікті арттыратын ерекше техниканы ойлап тапқаны бірден-бір дәлел.

Қырық сегіз дөңгелекті қондырғы тыңайтқышты топыраққа тереңірек сіңіруге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде, өнім 30 пайызға ұлғаяды.

Бұл туралы бізге Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техниклық университетінің «Smart engineering» құзірет орталығының басшысы Бағдат Азаматов айтып берді. Ғалымның сөзінше, агроөнеркәсіптегі тың жоба ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің байқауында үздік деп танылған.

– Осы ұсынысты бізге ауыл шаруашылығы саласындағы компанияның өкілдері айтқан еді. Топыраққа тыңайтқышты енгізетін қарапайым машинаның инжекторлары тез тозатын көрінеді. Біз зерттей келе қондырғыны жетілдіруге болатынын білдік, – дейді Бағдат Азаматов.

Шығыс өңірі – агроөнеркәсіптің ірі ошағы, астықтың қамбасы. Сондықтан бұл қондырғы теңдессіз «туынды» болды деуге де болады.

Лаула КИМАДИЕВА