«Шығысэнерго» ЖШС-ға қатысты бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды

618
көрілім

«Шығысэнерго» ЖШС-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«СМУ Промэлектросвязь» ЖШС ӨТЭО тазарту құрылыстарының АБК ғимаратын жөндеуге конкурс өткізу бойынша сатып алу рәсімін бұзуға қатысты өтініші бойынша ШҚО Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті «Шығысэнерго» ЖШС-ге жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Соның нәтижелері бойынша ТМРКД «Шығысэнерго» ЖШС тарапынан ӨТЭО тазарту құрылыстарының АБК ғимаратын жөндеу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу рәсімі сақталмағаны анықталды. Осылайша, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама шығарылды.

Департаменттің тексеру нәтижелері мен тағайындау туралы актісімен келіспеуіне байланысты «Шығысэнерго» ЖШС Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз берді.

Аталған сот 2022 жылғы 21 қыркүйектегі шешімімен «Шығысэнерго» ЖШС талап арыздарын қанағаттандырмады.