Шығысқазақстандық семсершілер Мысырдағы жарысқа қатысып жатыр

573
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Семсерлесуден Ұлттық құрама мүшелері Мысыр (Каир) еліндегі кезекті Гран-При бәсекесінде бақ сынауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сәуір айының 27-сі күні басталған жарыста ел намысын жеті спортшы қорғауда.
Ерлер арасында Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Руслан Құрбанов (ШҚО), Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов (ШҚО) бар. Ал әйелдер арасындағы бәсекеге Дария Давлибекова мен Саофия Николайчук қатысуда.