Шығысқазақстандықтарға су тасқынына байланысты ескертулер жасалды

411
көрілім

Ақпан айының алғашқы онкүндігінде күн күрт жылынуына байланысты өзендер арнасынан асып кетуі ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Гидрометеорологиялық бақылауларға сәйкес Шығыс, Солтүстік, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында қардың түсуі әдеттегі мөлшерден жоғары.

- Қардан тазарту жұмысы ақпан-наурыз айларында жалғасын табады, - деп атап өтті «Казгидромет» РМК. - Ақпан, наурыз және сәуір айларында жауын-шашын мөлшері жиілеуі мүмкін. Бұл аса қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкеп соғады.

Ақпан айының бірінші онкүндігінде қар еріп, мұздақтарды жібуіне байланысты су деңгейінің көтерілу қауіпі орын алуы күтілуде.