Талдықорған – Өскемен тасжолының құрылысын бір айдан соң бастау жоспарланып отыр

752
көрілім

Бұл жөнінде  Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет басшысының жетісулықтармен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған жол құрылысы бойынша талдықорғандық тұрғынның сұрағына жауап берген министр, алдымен Талдықорған-Аягөз бағыты бойынша жөндеу жұмыстары басталатынын айтты. Одан кейін жол құрылысы Өскеменге дейін жалғасады. Сондай-ақ, ол Үшарал – Достық жолы жөнделетінін жеткізді.

Алматы – Талдықорған тасжолы толықтай жаңа талапқа сай етіп жаңартылуда. Аталған жоба аяқталуға жақын. Қазір Талдықорған мен Көксу ауданындағы аралықта  жолдың құрылысы жүріп жатыр. Халық Алматы мен Талдықорған арасына бұған дейін көлікпен кемінде  5 сағаттан астам уақыт жүрсе, қазір 2-2,5 сағаттың ішінде жетуге мүмкіндік туды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аталған жоба бойынша тас жолдың 245 шақырымы жаңартылуда.

Мейрамбек Қосажан