Тарбағатай ауданында қасқыр ату мәселесі шешіледі

969
көрілім

Тарбағатай ауданы қаншама жылдан бері қасқырдан жапа шегіп келеді. Жыртқыштар үнемі малға шауып, шаруа қожалық иелеріне үлкен зиян келтіреді. Өткен айдың басында түз тағысы тағы ондаған қойды талаған болатын. Жергілікті тұрғындар енді адамдарға шабуыл жасайды ма деп қорқады, деп хабарлайды Bugara.kz тілшісі

Қазан айының соңында облыс орталығында Тарбағатай ауданы әкімінің брифингі болып, онда тұрғындардың шағымдары бойынша жасалынып жатқан шаралар айтылды.-Аймағымызда қасқыр атуға рұқсат алу мәселесі туындады, - деді Серкіқазы Садуақасов.
- Тарбағатай ауданы шекаралас аймақ екендігі белгілі. Сондықтан атыс қаруын қолдануға тыйым салынған. Бірақ бұл мәселе өз шешімін тапты. Енді құқық қорғау органдарының өкілдері, әскерилер және аң аулауға арналған қаруды сақтауға рұқсаты бар барлық тұрғындар жыртқыштарды ата алады.

Бұл сұрақ брифингте кездейсоқ туындаған жоқ. Бұл ауданда қасқырдың малға шабуылы сирейтін емес. Қазан айында әлеуметтік желілерде қасқырлар Тарбағатай ауданындағы ауылдарыдың бірінде ондаған қойды талады деген ақпарат тарады. Кейіннен жергілікті тұрғындар билік органдарынан қаруды алып жүруге рұқсат сұраған бейнеролик түсірген. Себебі олар өз отбасылары және шаруашылықтарын қауіптен қорғағысы келді. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ауданда 15 ауылдық округ пен 230 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Жыл ішінде жабайы аңның шабуылынан бір жарым мыңнан астам ірі қара мал зардап шекті.
- Осы жылы 1696 малға шабуыл жасалды. Олардан 454 бас ірі қара, 736 қой және 506 жылқы зардап шеккен. 2017 және 2018 жылдардағы жағдай шамамен бірдей деңгейде болды, - дейді Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлім қызметкерлері.
Бүгінгі таңда Тұғыл ауылдық округіндегі он аңшы жыртқыштармен күресуге дайын. Алайда билік оларға жанар-жағармай мен оқ-дәрі сатып алуға көмектесе алмаймыз деп отыр.