Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында ауылішілік автобус жүре бастады

1327
көрілім

Ақжар ауылының ішінде қатынайтын қоғамдық автобустың бір реттік билет бағасы 50 теңге тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жергілікті кәсіпкер Ерік Баяхметов ақжарлықтардың сұранысын орындап, ауылішілік автобус қызметін міндетіне алып отыр. Әлі аудандық бюджеттен субсидия бөлінбесе де, аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев бұл мәселені біржақты ететініне уәде берді. Ендігі кезекте, аудандық билік Ақсуат пен Ақжар ауылдары ішіндегі аялдамаларды ретке келтіруді қолға алмақ.

Ауылымыздың ішінде автобустың жүре бастағаны бізді қуантып тастады. Ауылдың бір шетінен екінші шетіне жету қиынға соғатын. Енді бар-жоғы 50 теңгемен жетіп алатын болдық, – деп қуанышын білдірді ақжарлық Орманбек Сеитов.