Таулы аймақта көшкін түсу қаупі бар 497 аумақ тіркелген

481
көрілім

Облыс аумағында түскен қар мөлшері әзірше аз болса да, таулы аймақта көшкін түсу қаупі бар 497 аумақ тіркеліп отыр деп хабарлайды buqara.kz  тілшісі «Хабар 24» ақпарат көзіне сүйене отырып.

Тіркелген аумақтың 336-сы – қырат пен қырқаның арасында жатқан елді мекен мен автокөлік жолдары. Сондай-ақ, облыстағы 7 ауылға аса үлкен қауіп төніп тұрған көрінеді. Қазіргі таңда қар үйінділері механикалық жолмен түсіріліп, қар қалың түсетін аумақтарға 207 арнайы ескерту белгісі қойылуда.

Фотосурет: inform.kz