Түркия әуе компаниялары еліміздің 11 қаласына ұшпақ

336
көрілім

Түркия компаниялары «Стамбул — Түркістан» әуебағытын ашуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ICAN 2019 аясында қазақстандық делегация мен түрік авиация органдарының кездесуінде сөз болды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қазақстан өз тарапынан түрік әуекомпанияларын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей әуежайларына тұрақты рейстерді орындауға шақырды.

Сонымен қатар Алматы, Нұр-Сұлтан әуе тасымалын кеңейту және Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейстер ашу жоспарлануда. Құрлысы басталған әуежай пайдалануға берілгеннен кейін «Стамбул-Түркістан» бағыты бойынша рейс ашуға әуекомпаниялардың бірі қызығушылық танытып отыр.

Қазақстан және Түркия компаниялары бірлесіп аптасына түрлі бағытта 45 рейс жасайды.

Air Astana қазақстандық авиакомпаниясы «Нұр-Сұлтан - Стамбул - Нұр-Сұлтан» бағытында аптасына 5 рейс, дәл осы бағытта Turkish Airlines әуе компаниясы рейстерді аптасына 7 рет орындайды.

"Алматы — Стамбул — Алматы" бағытында Turkish Airlines әуе компаниясы аптасына 10 рет рейс жасайтын болса, Air Astana осы бағытта аптасына 7 рейс жасайды.

«Атырау – Стамбул – Атырау» бағытына отандық әуе компаниясы аптасына 2 рейс орындайды.

Қазақстандық тағы бір Scat компаниясы «Шымкент - Стамбул – Шымкент» бағытында аптасына 4 рет, «Ақтау - Стамбул - Ақтау» бағытында 5 рет ұшады.

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Анталияға аптасына 1 рет рейс орындалады.