ТЖМ жаңа жылдық шыршаларды орнату ережелерін еске салды

1285
көрілім
Фото: massaget.kz сайтынан

ТЖМ мерекелік шыршаларды орнату кезінде нендей ережелерді ескеру керек екенін еске салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Жаңа жылдық шыршаларды орнату кезінде ережелерді елемеуге болмайды.

Шыршаны орнату кезінде келесі іс-шараларды ескеру қажет:

- шыршаны жылыту құрылғыларынан алыс, тұрақты тірекке орнатыңыз;

- шыршаны жарықтандыру үшін тек зауытта жасалған жарамды электр гирляндаларын пайдалану қажет;

- гирляндты қосқан кезде сымның зақымдалмағанына, шамдар жанып тұрғанына және розеткадағы штекер ұшқын шығармайтынына және қызбайтынына көз жеткізіңіз;

- шыршаны шығаберіске, дәліздерге орнатпаңыз;

- балаларды шыршалардың жанында қараусыз қалдырмаңыз.

Қарапайым ережелерді сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.