Ұлан ауданында жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жиын өтті

530
көрілім

Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында «Біз адал болашақ үшін» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған мемлекеттік қызметкерлер, ветеринарлық пунктінің мамандары қатысты. Шара барысында қатысушылар пара беру және алу үшін қылмыстық жауаптылық туралы ақпаратпен танысды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі аудан әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.

Осы іс-шараға қатысушылар пайдалы ақпараттар алып, бір-бірімен пікір алмасты.