Ұлыбританияның премьер-министрі коронавирус жұқтырып алды

361
көрілім

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы саясаткер жұма күні видеоүндеуінде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

-Соңғы 24 сағатта менде аурудың жеңіл белгілері пайда бола бастады. Менің коронавирусқа тапсырған тестім оң нәтиже берді. Қазір оқшауланып отырмын, бірақ мен үкіметтің вирусқа қарсы жұмысын видеобайланыс арқылы жүргізетін боламын, - деді Джонсон.