Үржар ауданының тұрғыны танысын пышақтаған

434
көрілім
Шартты фотосурет

Ақпан айының басында Үржар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның дене жарақатын алғаны туралы мәлімет түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, медициналық мекемеден 49 жастағы тұрғынның сол жақ кеуде қуысының жаншылып-кесілген жарасымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

– Аталған қылмысты ашу үшін Үржар аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды. Осылайша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жәбірленушінің бұрынғы танысы ұсталып, жауап алу барысында кінәсін мойындады, – делінген мәліметте.