Заңды белден басқан

243
көрілім

Облыста қиыршық тас пен құмды заңсыз қазған 15 адамға айыппұл салынды.

ШҚО Экология бойынша департаменті облыс тұрғындарына құмды, қиыршық тасты, сарбалшық пен басқа да пайдалы қазбаларды өз бетінше алмау қажеттігін ескертеді. Оларды тіпті аз мөлшерде де алуға тыйым салынған.

Мұндай заңсыз әрекетке барған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жеке тұлғалар үшін оның көлемі 50 АЕК немесе 120 250 теңгені құрайды. Бұдан басқа заңды белден басқандарға қазып алынған пайдалы қазбалардың нарықтық бағасының он есе көлеміндегі шығын орнын толтыру талап етіледі.

"1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы айыппұл сомасы 1 863 875 теңгені құрайтын әкімшілік жазаға 15 адам тартылды", - делінген департамент хабарламасында.

Ерлен ОСМАНОВ