Жақсылық Омар: Биыл Өскеменді дамытуға 1,3 миллиард теңге бөлінді

269
көрілім
Шартты фотосурет

Шаһар басшысы бұл туралы қалалық мәслихаттың XXVI сессиясы кезінде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Өскемен басшысы болып тағайындалғалы төрт жыл өткенін айтып, қала басшысы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстың барлығы тұрғындар тұрмысын көтеруге бағытталғанын мәлімдеді. Облыс орталығын жандандыру үшін қомақты қаржы бөлінгенін де жеткізді.

– Атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындармен 22 кездесу өткізіппіз. Осының нәтижесінде биыл қаланы дамыту үшін 1,3 миллиард теңге бөлінген. Жоспарланған жұмысты қалай атқарамыз деп көпшілік алдына шығып, жиналыс та өткіздік. Қазір ойға алынған тірлік спорттық алаңдарға байланысты. Айталық, Сол Жағалау кенті, Ново-Явленко ауылы, Бабкина Мельница ықшам ауданы, 22-ші және 23-ші шағын аудандар. Қала маңындағы Прудхоз ауылы мен Бабкина Мельница ықшамауданында балалар алаңқайы салынып жатыр, – деді қала әкімі.

Тағы бір айта кетерлігі, осы және Самсоновка ауылы мен Радужный кентінде көшелер жарықтандырылады.