Жалақы көтерілмек

439
көрілім

2019 жылы ШҚО-дағы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 35 пайызға өседі.

Бүгінде облыстың 16 ірі кәсіпорны өз қызметкерлерінің жалақысын өсірген. Ал келесі жылдан бастап бюджеттік саладағы 38 мың қызметкердің жалақысы көтеріледі. Кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және тұрғындардың табыс деңгейінің өсірілуінде «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруды жалғастыру үлкен рөл атқарып отыр.

Айта кету керек, 3 жылдың ішінде БЖК бойынша облыста 15,6 млрд. теңге сомасына 793 жобаға қолдау көрсетілді. 2025 жылға дейін кәсіпкерлердің несиелерін арзандату және кепілдендіруге 15 млрд теңге бөлу жоспарлануда. «Ақ ниет» жеңілдікпен несиелендіру облыстық бағдарламасы бойынша 2,7 млрд теңгеге 50 жоба қаржыландырылған.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ