Жаңа жылдан бастап елімізде көлік салығы өседі

717
көрілім
Шартты фотосурет

Темір тұлпар иелері жылына бір рет көлік салығын төлейді. Ал төлем бағасы қозғалтқыш ауқымы мен айлық есептік көрсеткішке (ары қарай АЕК) байланысты. Жаңа жылдан бастап салық мөлшері артады, осыған сәйкес АЕК-те өспек. Еліміздің салық сайты ұсынған мәліметке сәйкес әсіресе двигатель көлемі үлкен жаңа көлік иелері төлем төлеуде аса ұқыпты болғандары жөн, деп хабарлайды Buqara.kz сайтынң тілшісі.

Өйткені салық мөлшері қозғалтқыштың көлеміне байланысты өсіп отырады. Бұдан былай келер жылы 2917 теңгеден 583400 теңгеге дейін және одан жоғары болмақ. Салық бағасы енді бес пайызға өссе, АЕК-те солай өзгеріске ұшырайды. Осыған дейін бір АЕК – 2778 теңге болса, Жаңа жылдан бастап 2917 теңгеге өседі. ҚР Салық кодексінің 492-бабына сәйкес жеңіл автокөлік иелері үшін салық мөлшері төмендегідей болмақ:

 

Қозғалтқыш көлемі (см³)

Қаңтар айынан бастап АЕК мөлшері қандай болады?

2020 жылы қандай болды?

1

1100

1 АЕК немесе 2917 теңге

2778 теңге

2

1100-1500

2 АЕК немесе 5834 теңге

5556 теңге

3

1500-2000

3 АЕК немесе 8751 теңге

8334 теңге

4

2000-2500

6 АЕК немесе 17502 теңге

16668 теңге

5

2500-3000

9 АЕК немесе 56253 теңге

25002 теңге

6

3000-4000

15 АЕК немесе 43755 теңге

41670 теңге

7

4000-нан жоғары болса

117 АЕК немесе 341289 теңге

325029 теңге

Қазақстан Республикасында шығарылған немесе 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін ел аумағына әкелінген, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары автокөліктер жоғарыда көрсетілген заңнама ерекшеліктеріне қатысы жоқ. Мұндай көліктер үшін қозғалтқыштың көлеміне байланысты жеке тарифтер қарастырылған:

Қозғалтқыш көлемі (см³)

Қаңтар айынан бастап қанша АЕК болады?

2020 жылы бағасы қандай болды?

1

3000-3200

35 АЕК немесе 102095 теңге

97230 теңге

2

3200-3500

46 АЕК немесе 134182 теңге

127788 теңге

3

3500-4000

66 АЕК немесе 192522 теңге

183348 теңге

4

4000-5000

130АЕК немесе 379210 теңге

361140 теңге

5

5000-нан жоғары болса

200 АЕК немесе 583400 теңге

555600 теңге

Сондай-ақ ұсынылған өлшемдердің әрқайсысы тиісті градацияның төменгі шекарасы үшін маңызды екенін ескеріңіз. Ал төменгі шекарадан асатын әрбір текше сантиметр үшін тағы 7 теңге төлеу керек. Бұл қозғалтқыш көлемі 1500 текше сантиметрден асатын автомобильдерге қатысты.