Жарма ауданы Қалбатау ауылында тозған су құбырлары ауыстырылды

568
көрілім

Осы жылдың 14 қыркүйегінде «Жарма Су» КМК-ның нысандары бойынша баспасөз-туры өтті.

 

Баспасөз-турын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысы бойынша департаменттері «Жарма Су» КМК -мен бірлесіп өткізді. Баспасөз–турға уәкілетті органның өкілдері, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

«Жарма Су» КМК басшысы - Жұмағали Сәметұлы Дәуітбеков баспасөз турына қатысушыларды 2021 жылы өткізілген және 2022 жылға жоспарланған келесі жұмыстармен таныстырды:

- Қалбатау ауылындағы сорғы станциясының ЭЦВ-8 11квт сағатына 11м3 модельді терең сорғыны, қуаты 13 квт сағатына 40 м3 жаңа ЭЦВ-8 сорғысы құны 830 мың. теңге тұратын сорғыға ауыстырылды.

- Жалпы ұзындығы 1,2 км құрайтын тозған құбырларды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. 5 млн. Теңге қаражатқа диаметрі 50 мм құбыры ауыстырылды. Бұл қаражат бюджет есебінен бөлінді.

- Қазандық ғимаратына 250,0 мың теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылыту маусымы басталғанға дейін 4,3 млн.теңге сомасына қазандық пен электр құралдарын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар «Жарма Су» КМК қызмет көресетін Қалбатау ауыл тұрғындары мен басқа да қызметтерді тұтынушылар үшін әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

Баспасөз туры барысында қатысушылар, оның ішінде БАҚ өкілдері кәсіпорынның тарифтік сметаларын орындау бойынша қызықтыратын сұрақтарды және субъектінің қызметіне қатысты басқа да маңызды сұрақтарды қойды.