Жармалық Расул Қалиев жартылай финалда есе жіберді

600
көрілім

Ел чемпионатында жұртшылық назарын аударған тағы бір нәтиже тіркелді. Жармалық Расул Қалиев Алматы облысының өкілі Адлан Асқаровтан айласын асыра алмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соқыр жеребе бірқатар тәжірибелі палуандарды алғашқы айналымдарда-ақ жолықтырды. Өзгелерінің жолы ширек финалға жете бере түйісті. 61 келі салмақтың жартылай финалында жерлесіміз Расул Қалиев Алматы облысының өкілі, 23 жасқа дейінгі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Адлан Асқаровпен жолығып, тартысқа толы нағыз айқасты көрсетті. Десе де қарсыласының қателігін ұтымды пайдалана білген Асқаров ұпай сонымен басым түсті. Енді Қалиев қола медаль үшін белдесетін болады.