Жармалықтарға Әуезовтегі кәсіпорын ЭКСПО-2017 көрмесінің 390 билетін сыйға тартты

612
көрілім

Жарма ауданының Әуезов кентінде «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің бас директоры Ю.Б. Овчинников Жарма ауданының әкімі Н.Б.Сыдықовқа Астана қаласында өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне демеушілік көмек көрсетуге бөлінген билеттерді табыс етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Жарма ауданыны әкімдігінің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС 2 млн 340 мың теңгеге алынған 390 билетті тапсырып, қабыл алуды растайтын екіжақты құжатқа қол қойды. Сонымен қатар жыл басынан бері аталған кәсіпорын Бақыршық орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындауға 6 млн теңге қаражат бөліп отыр.

Аудан әкімі Нұрлан Сыдықов кәсіпорын ұжымына алғыс айтып, көрме билеттерінің басым бөлігі Жарма ауданының дарынды балаларына табысталып, жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен, олардың барып–қайтар жолының мәселелері шешілетінін айтып өтті.