Жеңілдікпен қалай аламыз?

353
көрілім

– Естуімізше, мүгедектігі бар азаматтарға жеңілдікпен пәтер берілетін көрінеді. Осылай баспана алудың жолдарын көрсетіп берсеңіздер екен.

Аягөз ауданынан тұрақты оқырман

Бұл сауалдың жауабы ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауының Telegram-каналынан табылды:
– Бірнеше жылдың ішінде тұрғын үй проблемасын шешуге болады. Мүгедектерді, мүгедек балалары бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етудің екі құралы бар. Біріншіден, қажетті құжаттарды жинап, жергілікті атқарушы органға жүгіну керек. Олар құжаттарды қабылдап, есепке қояды және тұрғын үйге мұқтаж мүгедектерге кезек тәртібімен әкімшілік баспана ұсынады. Екінші құралына сәйкес аталған санаттағы азаматтар үшін жеңілдетілген тәртіппен баспана сатып алуға жылдық мөлшерлемесі 2 пайызбен 20 жылға ипотекалық займ ұсынылады. Бұл ретте Қазақстанның «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінде» бастапқы жарна жинаған азаматтарға 20 жылға дейін жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздан аспайтын алдын ала және аралық тұрғын үй займын береді. Аталған санаттағы азаматтарға жылына 6 мыңға жуық жеңілдетілген займ беру жоспарланған. Ескерте кетейік, жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтар кезекке тұруға арналған құжаттарын дер уақытында және дұрыс тапсыру қажет.