Жәрмеңкеге келіңіздер!

362
көрілім

Алдағы сенбіде Өскемен қаласында екі бірдей ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Өскемен қаласындағы «Freshmarket» фермерлік гастрономында Жарма ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтсе, «Альшемали» сауда үйі аумағында қала кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни желтоқсан айының 15-і күні сағат 9:00-де басталады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ