Жұма, сенбі күндері Өскеменде жәрмеңке өтеді

310
көрілім
Шартты фотосурет

Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Ауылшаруашылық басқармасындағылар жаңа кесте бекітті. Соған сәйкес енді жәрмеңке аптасына екі мәрте, яғни сенбіден бөлек, жұма күні де өткізіледі. Бұл жолы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Көкпекті ауданының, ал «Дос-Нар» базарында Шемонаиха ауданының кәсіпкерлері екі күн бойы өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни желтоқсан айының 10-11 күндері сағат 8:00-де басталады.