Жұма күні жел күшейеді

540
көрілім

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман болып, жел көтеріледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы — 15-20 м/с болып, екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.

Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында және күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанады.