16-22 қазан аралығына арналған Жұлдыз жорамал

811
көрілім

Тоқты

Аталған белгінің өкілдері ақыл-ойға салмай шешім қабылдап қоюы мүмкін. Бұл басы артық шығын мен өкінішке әкеп соғуы ықтимал. Қай істі болмасын қолға аларда ой-таразысынан өткізіп алыңыз.

Торпақ

Бойыңыздағы бірбеткейлікті бір уақытқа ұмытып, айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасты жолға қойыңыз. Аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері кейбір жоспарларыңызды қолға алмаңыз.

Егіздер

Көптен күткен демалыстарды алып, денсаулығыңызды күтетін уақыт келген сыңайлы. Жанжалды жағдайлардан аулақ болғаныңыз абзал, олардың жүйкеңізді тоздырғаннан басқа пайдасы жоқ.

Шаян

Аптаның басында басшылықтың жүйкесіне тиетін әрекеттерге бармаңыз. Жұмысқа уақытылы келіп, берілген тапсырмаларды тиянақты орындаңыз. Осылайша ұжымға сыйымды боласыз.

Арыстан

Ұзақ мерзімді жоспарлар жасаудан аулақ болыңыз. Бұл аптада үй ішіндегі шаруаларды ретке келтіріп, келесі айға атқаратын істердің тізімін жасап қойыңыз. Қай істе болмасын қателікке бой алдырмаңыз.

Бикеш

Аптаның басында іссапарларға шықпағаныңыз абзал. Апта ортасына қарай қаржылық жағдайыңыз жақсарып, көптен бері армандаған бұйымыңызды сатып алуыңыз мүмкін.

Таразы

Өзге адамдардың сөзіне еріп айналаңыздағы адамдармен ұрсысып қалмауға тырысыңыз. Аптаның екінші жартысы ойыңызда жүрген үлкен жоспарларды іске асыруға қолайлы кезең.

Сарышаян

Жүзіңізге күліп, сыртыңыздан ғайбат сөйлейтін адамдардан сақ болыңыз. Бұл апта араздасқан адамдармен арадағы қатынасты жолға қоюға қолайсыз, сондықтан уақытыңыздың көбін демалысқа арнаңыз.

Мерген

Аптаның басында психологиялық қысымды сезінуіңіз мүмкін, сондықтан уақытыңызды ұтымды пайдаланып, тынығу жағын ойлаңыз. Денсаулығыңызды күтіп, нәрлі тамақтанып жүргеніңіз абзал.

Тауешкі

Аптаның басында жұмысқа басыңызбен кірісу қажет болады. Өз кезегінде сіздің бұл талпынысыңыз басшылық назарынан тыс қалмай, жақын уақытта жемісін беріп жалақыңыз өсуі ықтимал.

Суқұйғыш

Бұл аптада өзге адамдардың арасындағы дау-дамайды шешуге кірісуіңіз мүмкін. Қай кезде болмасын әділ шешім шығаруға тырысыңыз, бұл сіздің беделіңізді арттырып, тасыңыздың өрге домалауына көмектеседі.

Балықтар

Аптаның басында іс-сапарға шықпаңыз, өйткені ойлаған жоспарларыңыз жүзеге аспай қалуы ықтимал. Аптаның екінші жартысында барлығы қалпына келіп, демалыстар әдеттегідей өтеді.