2018 жылдан бастап ШҚО-да көшпелі жазғы мектептер жұмыс істейді

312
көрілім

Жазғы көшпелі мектептер – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұсынып отырған оқытудың жаңа формасы.

2017 жылдың жазында ШҚМУ Алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының базасында Жас археолог мектебі жұмыс істеген болатын. Он күн ішінде ШҚМУ студенттері мен оқытушыларының жетекшілігімен мектеп оқушылары Катонқарағай ауданындағы белгілі Берел қорымына барып қайтты. Бұл жерде олар өздерін көне қазбаларды іздеуші ретінде өз мүмкіндікеін байқап көрді.

Жасөспірімдере тәжірибеге ұласқан сабақтар өте ұнаған екен. Олар білімді сол білім көзінен тікелей алу мүмкіндігіне ие болды. Археологиял партиялардың ғылыми қызметкерлері мен жұмысшыларының жұмысымен танысты.

2018 жылы ШҚМУ басшылығы жазғы мектептердің тақырыптарын кеңейтіп, табиғи-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша өткізуді жоспарлап отыр.

— Мұны істемеуге болмайды. Өскеменге жақын маңда Батыс-Алтай қорығы, Катонқарағайдың Ұлттық табиғи паркі, Марқакөл қорығы бар. Біз жазғы мектепті осы нсндардың территориясында ұйымдастыра аламыз, — деп бөлісті жоспарымен стратегиялық даму және ғылым бойынша ШҚМУ проректоры Анар Мырзағалиева. – Қазір аталуын ойластырып жатырмыз. Бұл оңай емес, себебі онда ландшафтық, флористикалық, фаунистикалық зерттеулерді де қосқымыз келеді. Атауы ұранды, бірақ бағыты табиғиғылыми болуы мүмкін.