25 қыркүйек - 1 қазан аралығына арналған Жұлдыз жорамал

872
көрілім

Тоқты

Бұл аптада басы бос Тоқтылар өздерінің өмірлік серіктерін кездестіруі мүмкін. Ерекше белсенділік танытып, барлық істеріңізді таныстарыңыз бен достарыңыз арқылы шешетін боласыз.

Торпақ

Аптаның басында жоспарлаған істеріңізді таныстарыңыз арқылы шешуге мүмкіндік аласыз. Бұл аптада шығармашылық жұмыспен айналысатын Торпақтардың жолдары болып, табысқа кенеледі.

Егіздер

Аптаның басында созылмалы сырқатыңыз сыр беріп қалуы ықтимал, сондықтан өзіңізді күтіп, нәрлі тамақтанып, уақытылы тыныққаныңыз абзал. Апта соңында ескі қарыздарыңыз қайтарылып қалуы ықтимал.

Шаян

Айдың аяғына қарай бұл белгінің көп өкілдері жұмысқа баспен беріледі. Дегенмен қапаланбаңыз, бұл аптада істеген ісіңізге қарай табатын табысыңыз да қомақты болады.

Арыстан

Басы артық шығын шығарып жіберуіңіз ықтимал, сондықтан тұрмысқа тым қажеті жоқ заттарды сатып ала беруге тырыспаңыз. Ақшаны байқап ұстамасаңыз, апта соңына қарай қысылып қалуыңыз мүмкін.

Бикеш

Бұл аптада денсаулығыңызды күтіп, уақытыңызды салауатты өмір салтына арнаңыз. Спортпен шұғылданып, нәрлі тамақтаныңыз. Сондай-ақ, бұл апта жаман әдеттерден құтылуға өте қолайлы.

Таразы

Егер шығармашылықпен немесе спортпен айналысатын Таразы болсаңыз, сізді жеңісті кезеңдер күтіп тұр. Сонымен қатар, бұл аптада саяхатқа шығып, жаңа адамдармен танысуыңызға болады.

Сарышаян

Материалдық жағдайға байланысты барлық жұмыстарды аптаның басында атқарып тастағаныңыз абзал. Апта соңына қарай бірқатар қаржылай шығындар болып кетуі ықтимал.

Мерген

Денсаулығыңызды күтіңіз. Денеге салмақ түсіретін ауыр жұмыстармен, басы артық қимыл жасайтын спортпен шұғылдануды кейінге қалтыра тұрыңыз. Уақытыңызды тынығуға арнаңыз.

Тауешкі

Жұмысқа баспен берілуге қолайлы кезең. Бұл аптадағы еңбегіңіздің жемісін жақын арада көресіз. Жұмыс орныңызда лауазымыңыз жоғарылап, жалақыңыз өсіп қалуы әбден мүмкін.

Суқұйғыш

Үй ішінде жайлылық жасаймын деп басы артық шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Сауда-саттық, жер өңдеу саласында жүрген Суқұйғыштар үшін апта сәтті болып, қаржылай табыс табуы әбден мүмкін.

Балықтар

Денсаулығыңызды күтіп, таза ауада көбірек серуендеңіз. Дәрігер тексеруінен өтудің қажеті шамалы, өйткені ақ халатты абзал жанның бұл уақытта қойған диагнозы қате болып кетуі мүмкін.