9-15 қазан аралығына арналған Жұлдыз жорамал

878
көрілім

Тоқты

Бұл аптада әр қадамыңызды ойланып басқаныңыз абзал. Көлемді зат сатып алудан аулақ болып, ақшаңызды үнемдеңіз. қаражатыңыз айдың соңына жетпей түгесіліп, ештеңеге жетпей қалуы ықтимал.

Торпақ

Қай іске кіріспес бұрын ойыңызды ретке келтіріп алғаныңыз дұрыс. Маңызды жұмыстарды аптаның сәрсенбісіне қалдырыңыз. Аптаның екінші жартысында денсаулығыңызды күткеніңіз абзал.

Егіздер

Жеке өміріңізде бірқатар өзгерістер орын алуы ықтимал. Аптаның екінші жартысында өмірге жаңа көзқараспен қарайтындай оқиғалар орын алуы мүмкін. Ал апта соңында уақытыңызды демалысқа арнаңыз.

Шаян

Бұл аптада сіз барлық оқиғалардың ортасында боласыз. Аптаның бірінші жартысын отбасындағы мәселелерді шешуге, ал екінші бөлігін демалыстарға арнап, достарыңызбен кездесіңіз.

Арыстан

Көпшілікпен араласыңыз, өйткені жұлдыздар сізден осыны талап етеді. Үй-ішіңізде көптен күткен жақсы жаңалықтар орын алып, отбасы мүшелерінің тіл табысуы жаңа деңгейге көтеріледі.

Бикеш

Үнемі жұмысбасты болмай, бір уақыт демалысқа да уақыт бөлгеніңіз абзал. Бұл аптада лауазымыңыз жоғарлап, алатын жалақыңыз көбеюі мүмкін. Бас бос Бикештер екінші сыңарын кездестіруі ықтимал.

Таразы

Ауа райы денсаулығыңызға әсер етіп, бойыңыздан шаршаңқылық сезінуіңіз мүмкін. Осыған бола қапаланбаңыз, өйткені апта соңына қарай бойыңзға күш-қуатыңыз айта оралып, жаңа жоспарлар құра бастайсыз.

Сарышаян

Бұл аптада тылысым дүниелерді тануға деген құштарлығыңыз оянуы мүмкін. Ал демалыстарға қарай іссапарға шығып, болашақта пайдасы тиетін адамдармен танысуыңыз мүмкін.

Мерген

Қаржы жағынан біраз қиыншылық көріп, қосымша жұмыс іздеуіңіз мүмкін. Мұндай жағдайда достарыңыздан көмек сұрауға ұялмаңыз. Құмар ойындар ойнаудан аулақ болғаныңыз абзал.

Тауешкі

Айналаңыздағы адамдардың барлығына іштегі сырыңызды айта бермеңіз. Іштарлық ететін адамдар аз емес. Бәз біреулердің сөзіне еріп, жақын адамдарыңызбен ұрсысып қалудан сақ болыңыз.

Суқұйғыш

Жұмыс барысындағы тапсырмаларға байыппен қарап, барлығын жауапкершілікпен атқарыңыз. Бұл апта бұрыннан шешілмей жүрген маңызды мәселелердің шешімін табуға қолайлы уақыт.

Балықтар

Достарыңыздың қатарын көбейтуге қолайлы апта. Аптаның екінші жартысында несие немесе қарыз ақша алудан аулақ болыңыз. Қолыңыздағы ақшаны барынша үнемдеп ұстауды үйренгеніңіз абзал.