Қазақстанда шенеуніктерге қаржылық санкция қолданылуы мүмкін

325
көрілім

Қазақстанда шенеуніктің кірісі-шығысы сәйкес келмесе қаржылық санкция қолданылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Агенттік шенеуніктердің кірістері мен шығыстары біршама сәйкес келмеген жағдайда мансаптық және қаржылық санкция қолдануды ұсынады. Мұнымен қоса, агенттік барлық мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің декларацияларын жариялауды міндеттеуді жөн санайды, - деді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, бұл бастаманы барлық мемлекеттік органдар қолдаған және таяу арада Үкіметтің тиісті қаулысына өзгертулер енгізілетін болады.