ШҚО-да Абай атындағы Мәдениет үйі ашылды

477
көрілім

Глубокое ауданында Абай атындағы Мәдениет үйі ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

- Глубокое кентінде Абай Құнанбайұлы атындағы Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатыстым. Осы сәтті жергілікті тұрғындар, әсіресе аудан орталығының жастары жылдар бойы күтті. Сыйымдылығы 300 орындық көрермен залы, үлкен сахнасы, сондай-ақ үйірме сабақтарын өткізуге арналған шеберханалары бар жаңа мәдениет үйі еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жиналып, бас қосатын орынға айналатыны сөзсіз, - деді облыс әкімі.