АҚШ-та ер адамға шошқаның бүйрегі салынды

314
көрілім
Фото:sechenov.ru сайтынан

АҚШ-та 62 жастағы ер адамға генетикалық түрлендірілген шошқаның бүйрегі салынды. Хабарланғандай, ол отадан соң қалпына келіп, жақын арада ауруханадан шыға алады,деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы деп ВВС жазды.  

Америкалық хирургтар мұндай жаңашыл отаға келісім берген Рик Слэйманды нағыз батыр деп атады. 

Осы уақытқа дейін шошқаның бүйрегін адамға трансплантациялаудың сынақ жағдайлары 2022 жылы болған. Ол кезде ьүйрек миы өлген науқасқа салынған. 

Слэйманға 16 наурызда Бостондағы Massachusetts General ауруханасында төрт сағаттық ота жасалды. 

Аурухана қызметкерлері отаның сәтті өткенін айтты. Адамның донорлық органдары мұқтаж адамдардың барлығына жеткіліксіз, сондықтан пациенттер трансплантация мүмкіндігін ұзақ күтеді.

Ғалымдар жануарлардың, ең алдымен шошқалардың өзгертілген мүшелерін адамдарға трансплантациялау донорлық органдардың созылмалы тапшылығын жеңілдетеді деп үміттенеді. Бүйректен басқа, шошқа жүрегін трансплантациялау тәжірибесі бар.