Алмат Кебіспаев пен Нұрсұлтан Тұрсынов Әлем чемпионатына қатысады

666
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Бұл туралы еліміздің күрес парақшасында жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күмән келтіруде көпшілігі. «Неліктен Алмат Кебіспаев? Жасы келді ғой бұл спортшының» деген келіспеушіліктер әлеуметтік желіні әп сәтте жаулап алды. Жауап біреу: үржарлық спортшы 67 келіге дейінгі салмақта күні бүгінге дейін топ бастап тұр. Бәлкім, Токио Олимпиадасына жолдама иелене алмаған грек-рим күресінің шебері Норвегия төрінде жүлдегер атанып қалар?.. Әлемдік аламанда осыған дейін төрт мәрте жүлдегер атанса, соған бесінші медальді қосып қоюға мүмкіндік мол. Тағы бір жерлесіміз Нұрсұлтан Тұрсынов та (87 келіге дейін) бозкілемге беттейді. Бұл спортшы Күншығыс еліндегі бәсекеде өнер көрсеткенмен, алғашқы айналымда сүрінген еді.
 Ел намысын барлығы 10 палуан қорғайды.
Аталған дода қазан айының 2-10 аралығында өтеді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ