Алтай ауданында інісін пышақтаған ағасы сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

604
көрілім
Шартты фотосурет

Оқиға ағайындылар ащы судан ұрттап отырған кезде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осының салдарынан 32 жаста ер адам адам мас күйінде Алтай қалалық ауруханасына көптеген жарақаттармен түскен.

– Тәртіп сақшылары зардап шеккенге дена жарақаттарын салған оның 53 жастағы ағасы екенін анықтаған. Полиция бөліміне жеткізілген ол жауап алу барысында кінәсін мойындаған, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған баптың санкциясымен үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.