Алтай ауданында көлікті қарызға алған әйел ақшасын бермей үш жыл жасырынып жүрген

458
көрілім

Алтай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне 52 жастағы борышкерді іздестіру туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында өңір көлемінде біршама заңсыздықтың жолы кесілуде.

Белгілі болғандай, танысынан көлік сатып алған әйел үш жылдан астам уақыт бойы көліктің қалған 650 000 теңгесін төлегісі келмей, арызданушы мен сот орындаушысынан жасырынып жүрген.

Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметіндегілер қысқа мерзім ішінде борышкердің Өскеменде орналасқан жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен жеке сот орындаушылары айналысады.