Алтай ауданында көпбалалы отбасыларға баспана кілттері табысталды

495
көрілім

Алтай ауданында тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында көпбалалы отбасылар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды.  Қоныс тойын тойлаушылар саны 8 отбасыға артты. Аудан әкімі Қ.Байғонысов  барлығына кілттерін тапсырып, ұлық мерекемен құттықтады.

- Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде азаматтардың барлық санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарлама іске асырылып келеді. Елбасы Н.Назарбаев  және ел Президенті Қ.Тоқаев тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлеуде. Бүгін осындай тамаша мерекеде біз жаңа баспаналарды пайдалануға берудеміз, - деді ол.

- Қуанышымызда шек жоқ. Жеке меншік үйіміздің болуы бұрыннан бергі арманымыз. Осындай қуанышты оқиғалар көбейе берсін! Ол ең алдымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы. Президент Қ.Тоқаевқа, облыс әкімі Д.Ахметовке және аудан әкімі Қ.Байғонысовқа үлкен рахмет, - дейді отбасылардың бірі.

Барлық үйлер «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында бой көтерген. Аудан кәсіпкерлері үйлерді жеке қаражаттарына салады да дайын баспананы мемлекет сатып алады. Келесі жылы ауданда тағы 20 үй салу жоспарлануда.